МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СЫЙЛЫҚ АЛҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКЕ ТАРТЫЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СЫЙЛЫҚ АЛҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКЕ ТАРТЫЛАДЫ

102 просмотров

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СЫЙЛЫҚ АЛҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКЕ ТАРТЫЛАДЫ

27 қараша 2018 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен семинар кеңес өтті. Іс — шараға Облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.М.Әлішев, Әдеп жөніндегі уәкілдер, аудан, қала әкім аппараттарының басшылары, тәртіптік комиссия төрағалары, персоналды басқару бөлімдерінің басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Кездесудің негізі мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, бұзушылықтардың алдын-алу мәселелерін талқылау. Жиында сөз сөйлеген Ғ.Тұрсынбаев «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасы аясында әрбір мемлекеттік қызметші мереке күндері алған сыйлықтарын болмаса білмей келіп түскен немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген сыйлықтарын алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ерікті түрде арнайы қорға тапсыру тиістігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет заңнама талаптарын сақтамауынан лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылатынын, оның ішінде қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану мен автокөлік құралдарын масаң күйде басқару жағдайларын айтты. Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып үстеме жұмыс атқаруына жол бермеуін және жұмыс уақытын сағат 19.00-де аяқтау қажеттігін және осы орайда бірқатар Департаментпен рейдттік іс-шаралар өткізілетіні ескертіліп, икемді жұмыс уақыт тәртібін енгізу бастамасын көтерді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ә.М.Әлішев мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Іс-шарада облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Абдуллаев икемді жұмыс уақыт тәртібін енгізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Кезегімен сөз сөйлеген Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың жұмысы, тәртіптік жазалар және оларды мерзімінен бұрын алу жағдайлары, жүргізілетін тексерулер мен Әдеп кеңесінде қаралған тәртіптік істермен олардың шешімдерінің орындалуына қатысты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, және кемшіліктер жиі кездесетін мемлекеттік орган басшылары тарапынан атқарылған жұмыстарының есебі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тыңдалатынын айтып өтті. Сондай-ақ, Елбасының мемлекеттік қызметтерді электронды көрсету бойынша тапсырмасын ескере отырып, облысымыздағы мемлекеттік қызметтің электронды түрдегі үлесін көтеру мақсатында барлық жергілікті атқарушы органдарының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Жиын соңында мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік сұрау салудың көрсеткіштері мен мемлекеттік қызметтің жай-күйі, сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *