«МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ҚОЛЖАЗБАЛАР» КӨРМЕСІ ӨТТІ

«МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ҚОЛЖАЗБАЛАР» КӨРМЕСІ ӨТТІ

110 просмотров

«МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ҚОЛЖАЗБАЛАР» КӨРМЕСІ ӨТТІ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы көмекші мектеп интернатында «Музей қорындағы құнды қолжазбалар» тақырыбы аясында көрме ұйымдастырылды. Атаулы іс-шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы» Өкіміне сәйкес және «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы негізінде жүзеге асуда. Көрмеге Құран Кәрім, Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметі», хикметтері және Құл Азим хикметтері, сынды музей қорындағы құнды қолжазбалар қойылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құнды дүниелерге балалар қызығушылығы да жоғары. Осы орайда, қорық-музей мамандары өскелең ұрпақпен еркін тілдесе отырып, мол мағлұматтар берді. Аталған бағыттағы көрмелер алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Жыл басынан бері Түркістан қаласында аталған көрме аясында 10-нан аса кездесулер ұйымдастырылса, жобаны республикалық, облыстық деңгейде де жүзеге асыру жоспарлануда. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *