МӘСЕЛЕЛЕР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

МӘСЕЛЕЛЕР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

51 просмотров

МӘСЕЛЕЛЕР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков кезекті рет азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Келген азаматтар білім, отбасылық жағдайы мен әлеуметтік мәселелері туралы өтініштерін ортаға салды. Тұрғындардың жеке мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, орынбасарлары мен тиісті дербес бөлім басшыларына азаматтардың өзекті сұрақтарын шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады. Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547)6-13-70 нөміріне хабарласуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *