МӘСКЕУДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ

МӘСКЕУДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ

120 просмотров

МӘСКЕУДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ

Мәскеуде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырған қабылдауға еліміздің достары – көрнекті ресейлік саясаткерлер, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Мәскеуде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылық құрамы қатысты. Кешті Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов құттықтау сөзбен ашып берді. Мәскеу төріндегі Наурыз мерекесіне арналған жиында Қазақстаннан барған өнер ұжымдары ұлттық өнердің тамаша үлгілерін паш етті. Қазақ өнері, қазақ мәдениетін танытқан Түркістан облысының «Фараб» би тобы, «Астана опера» театрының жетекші солисі Салтанат Ахметова мен Талғат Мұсабаевтар және халықаралық конкурстардың лауреаттары Станислав Савва, Дарья Каминская, пианист Александр Страхов, Юлия Савченко, «Алатау» фольклорлық ансамблі зор қошеметке бөленді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *