ОБЛЫСТАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ОБЛЫСТАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

50 просмотров

ОБЛЫСТАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Жақында аудан мектептерінің мұғалімдері арасында аудандық «Өнерлі ұстаз – 2018» байқауы өткен болатын. Отыздан аса үміткер қатысқан сол сында Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Дінтай Жұматай өзінің өнерімен өзгелерден оза шауып, «Бас жүлде» және облыстық байқауға жолдама жеңіп алған еді. Өткен аптада жаңадан ашылған облыс орталығы – қасиетті Түркістан шаһарының төрінде әр ауданның жеңімпаз мұғалімдерін жинаған облыстық «Өнерлі ұстаз – 2018» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау төрт кезеңнен тұрып, қатысушылар таныстыру, мақал-мәтел айту, сөзге шешендік және өз өнерін көрсету бойынша бақтарын сынады. Ауданымыздың намысын қорғап барған Жұматай ініміз өзінің жастығына қарамастан әр өңірден келген өңшең өнері асқан майталмандардың арасында абырой биігінен көрініп, жүлделі 3-ші орынды иеленді. Облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындыковтың үшінші дәрежелі «Диплом» және бағалы сыйлыққа ие болды. Өзіміздің мектептің түлегі, Алматыдағы Абай атындағы Ұлттық Педуниверситетті бітіргелі бері ұстаздың жолын бастаған жас маман аудандық түрлі байқау, олимпиада, педоқуларда жүлдегер атанып жүр. Бұрнағы жылы облыстық шығармашылық байқауда да 2-орын иеленген болатын. Педагогикалық жұмысын бастағанына көп уақыт бола қоймаған жас ұстазға алдағы кезде де білім – біліктілігің, өнер – парасатың арқасында биіктерді бағындыра бер демекпіз. Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері Қуаныш Есбергенов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *