«ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» АТТЫ ЖАС ОТБАСЫЛАР КЕШІ ӨТТІ

«ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» АТТЫ ЖАС ОТБАСЫЛАР КЕШІ ӨТТІ

126 просмотров

«ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» АТТЫ ЖАС ОТБАСЫЛАР КЕШІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 1 наурыздағы №3827 Жарлығымен белгіленген «Отбасы күніне» орай өткен іс-шараның мақсаты неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайту, қазіргі таңда демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру. Бірінші кезекте, Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделген. Қаладағы үлгілі жас отбасылармен кездесуге әр салада еңбек етіп жүрген өнегелі Орынбасаровтар, Рысбаевтар, Калменовтер, Әбдрахмановтар, Тұрсынбековтер, Рафиковтер жанұясы қатысты. Кездесу кеште АХАЖ бөлімінің Ұ.Набиева жас отбасы Б. Исах пен А.Лахаймен неке туралы куәлікті салтанатты жиында құттықтап тапсырды. Сонымен қатар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жас отбасылар алғыс хатпен сыйлықтармен марапатталып, мәдениет үйі әншілерінің концерттік бағдарламасы көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *