ОТЫРАРДА КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ОТЫРАРДА КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

47 просмотров

ОТЫРАРДА КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін ауданымызда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапхана жанынан «Коворкинг» орталығы ашылды. Кез-келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік жасайтын орталық «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйытқы болуымен ашылып отыр. Отандық кітапханаларды жаңғыртып, оларды қазіргі заман талабына сай білім орталықтарына айналдыру үшін ашылып отырған орталық өскелең ұрпақтың рухани құндылықтарымызбен сусындап, ұлтымыздың дәстүрі мен тарихын құрметтеуге үндейді. Бағдарлы болашақ үшін маңызы айрықша орталықтың ашылуына «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, аудан әкімі Ерлан Айтаханов және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты. Айтулы шарада сөз алған Нұрмахан Миятұлы Мемлекет басшысының сындарлы саясатын қолдап, тұрғындардың рухани ордаларымызға көптеп тарту арқылы көпшіліктің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпалы зор екенін айтып, көпшілікті жаңа орталықтың ашылуымен шын жүректен құттықтады. Өз кезегінде аудан әкімі Ерлан Айтаханов «Ықылым заманнан мәдениет пен өнердің, ынтымақ пен бірліктің сарқылмас көзі болып келе жатқан Отырар Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ірі мәдени, ғылми-сауда орталығы болған. Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапханасы бар өз заманындағы руханият астанасы болған. Қазіргі кітапханалар тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, тұрғындар үшін зияткерлік демалыс орнына айналуы, тұрғындарды кітап оқуға баулу мақсатында түрлі шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Міне бүгінгі ашылып отырған коворкинг орталығы соның дәлелі» деп, орталықтың алдағы жұмысына сәттілік тіледі. «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге» — деп, хакім Абай айтып кеткендей рухани азығымыз кітаптың адам өміріндегі алатын рөлі қашан да орасан. Заман ағымына сай жаңа технологияларды енгізу арқылы кітапхана ісін түрлендіріп, жастардың қызығушылығын арттыруды мақсат тұтқан «Нұр Отан» партиясы мен игі істің ұйымдастырушыларына отырарлық оқырмандардың ризашылығы шексіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *