ОТЫРАРЛЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

ОТЫРАРЛЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

81 просмотров

ОТЫРАРЛЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Отырар ауданында Елбасы­­мыз Нұр­сұлтан Назарбаев­тың 5 қа­зандағы «Қазақстандық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» ат­ты Қазақстан халқына ар­­наған Жолдауын насихаттау мақсатында идеологиялық ак­­тивтің мәжілісі өтті. Аудан әкімі Ерлан Айтаха­нов­­тың төрағалығымен өткен жи­ында Жолдауға байланыс­ты баяндама оқылып, пікірлер тың­далды. Алдымен білім саласы өкіл­дерінің атынан Жамбыл атын­­дағы мектеп-лицейі дирек­то­ры­ның орынбасары Жанна Жолдас баяндама жасап, Жолдауда ай­тылған білім сапасын көтеруге байланыс­ты мәселелерге кеңі­нен тоқталды. Ұла­­ғатты ұстаз өз сөзінде: «Мағ­жан ақын айт­қандай, алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі болатын күн де алыс емес деген ойда­мыз. Ол үшін келер жылы қабыл­дануы жоспарланған «Пе­да­гог мәртебесі» туралы заң жо­­­­басының мұғалім құқын то­­лық­­қанды қорғайтындай бо­­­­лып жасалуына қоғам бо­лып атса­­лысуымыз керек деп ой­­лай­­­­мын»,- деп Елбасы Жол­­да­­уын пе­дагогтар қауымы қызу қол­­дайтындығын айтты. Келелі кеңесте өздерінің тұ­щымды ойларын ортаға сал­ған аудандық қоғамдық кеңес­тің тө­рағасы Мырзахмет Те­мір­­беков пен жастар ресурстық орта­­лығының директоры Ба­уыр­­жан Әділханов Жолдаудың ха­лық­­тың тұрмысының түзе­­ліп, табы­­сының еселенуіне ықпал ететін тұстарын айрықша атап өтіп, келер жылдың «Жастар жылы» деп аталатынын зор ықы­ласпен қабыл алғандығын баян етті. Жиынды аудан басшысы Ер­лан Қуанышұлы қорытындылап, стратегиялық құжаттың алты басымдығына ай­рықша тоқтал­ды. Сөз барысында Ұлт Көшбас­шысы­ның «Қазақ­стандық­тар­­­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұр­­мыс сапасының артуы» атты жаңа Жолдау елдің тұрмы­­­сын түзеу, табысын еселеу, кә­­сі­бін ұлғайтып, әлеуметтің әле­уе­­ті­нің артуына зор ықпал жа­­­­сай­тындығын жеткізді. Сонымен қатар аудан әкімі «Тәуелсіз Қазақстанымыздың те­резесін жаңа әлемдегі да­­­мы­­­ған елдерімен тең ету -бә­­­рі­міздің де ең басты бо­­­ры­­шы­­мыз. Елбасының әр Жол­да­­уы­­ның тарихи миссиясы- Қа­­зақ­­­­­станымызды табысты да өркениетті, халқының тұр­­мы­сы жоғары, табысы мол қуат­ты елге айналдыру мақ­­са­­ты­нан туындайды»,-деп ын­­тымағы ырысты, бірлігі бекем отырар­­лықтарды игі іске бір­­кісідей атсалысуға шақыр­­ды. Халықтың табысын артты­рып, әлеуметтік жағдайын жақ­­­­­сартуға бағытталған Жол­дау аудан тұрғындары та­­рапы­­­нан қызу қолдау та­уып, туын­да­ған міндеттерді бағдарлы бо­­­лашақ жолында біркісідей ат­қа­­ратындықтарын жеткізді. К.СЕЙІЛХАНҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *