ОҚО-ДА «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚАЛАЛАР» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ.

ОҚО-ДА «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚАЛАЛАР» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ.

141 просмотров

ОҚО-ДА «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚАЛАЛАР» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ.

Тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық мәдениетімізді дамытуда мемлекет тарапынан қаншама маңызды қадамдар жасалуда. Кез-келген ұлт, ұлттық мәдениетінің арқасында ғана ұлт болып қала алатындығы тарихтан белгілі. Бүгінгі күні ғылыми және мәдени ортада зор серпіліс туғызып, қоғамымызды рухани жаңғыртуда маңызды рөл атқарып жатқан Елбасының бастамасымен қабылданған «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларын ерекше атап өтуге болады. Осы орайда Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміз бен жерімізді, тарихи мол мұраларымызды сақтап қана қоймай, насихаттау арқылы ұрпақ санасына патриотизмді сіңіруге, сонымен бірге бүкіл әлемге танытуды көздейді. Тарихи ескерткіштеріміз неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы болып қала бермек. Осы мақсатта, аталмыш мақаланы жүзеге асыруда ежелден өркениеттің өзегі болған Оңтүстік өңіріндегі көне қалалар бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың идеясымен ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне «Ұлы Жібек жолындағы ескерткіштер» номинациясы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылған ортағасырлық 8 ескерткіш туралы «Оңтүстікфильм» мекемесінің бірлесе отырып «САҚ» киностудиясы (20 мин., фильмнің операторы Айдар Мырзадәулетов) деректі фильм түсірді. Фильм барысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи ескерткіштер, киелі жерлер мен әсем табиғаты, сол замандағы Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Арыстанбаб, Түркістан, Сидақ, Қараспантөбе, Жуантөбе, Күлтөбе қалашықтары туралы баяндалады. Фильмнің мақсаты-Оңтүстік Қазақстан облысындағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен танысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді дəріптеу, табиғаты әсем жерлерді көрсету арқылы туризм саласын дамыту, достық пен татулықты кеңінен көрсете отырып, салауатты өмір салтын насихаттап, өз елінің тарихын ұғындырып, жасөспірімдерге тәрбие беру. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2018 жылдың 19 қаңтар күні, сағат 14:00-де Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтетін «Қоғамдық сананы жаңғыртуды жүзеге асырудағы музейлердің рөлі» тақырыбындағы облыстық семинар барысында «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» атты деректі танымдық фильмінің тұсаукесері өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *