ОҚУШЫЛАР ДЕМАЛЫС УАҚЫТ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

ОҚУШЫЛАР ДЕМАЛЫС УАҚЫТ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

93 просмотров

ОҚУШЫЛАР ДЕМАЛЫС УАҚЫТ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

Түркістандық оқушылар күзгі демалыс уақытын тиімді пайдалануда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын насихаттауды қолға алған түркістандық ұстаздар оқушылармен бірге тарихи-мәдени орындарға саяхат жасады. «Өз жеріңді танып, біл» тақырыбы аясында қаламыздың көрікті орындарымен қатар Қожа Ахмет Ясауи тарихи-мәдени қорық мұражайына, Арыстанбаб, Үкаша ата, Әл-Қожа ата, Гаухар ана кесенелеріне, Н.Төреқұлов, Н.Оңдасынов мұражайларына, Түркістан қаласының тарихи музейіне және Түркістан тарихы этнографиялық орталығына саяхат жасады. Бұл шараға 5400 оқушы қатысып, қаламыздың аумағындағы мәдени құндылықтармен танысты. Жаппай мектеп туризмін дамыту, оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған мұндай шаралар оқушылардың бойында ұлтжандылық, патриоттық, салт-дәстүр мен тарихымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыратындығына сеніміміз мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *