«ОҢТҮСТІК» АИО БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА 1 МЫҢНАН АСТАМ ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ

«ОҢТҮСТІК» АИО БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА 1 МЫҢНАН АСТАМ ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ

91 просмотров

«ОҢТҮСТІК» АИО БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА 1 МЫҢНАН АСТАМ ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады. Орталықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, компания өзінің еншілес ұйымы «Ырыс» МҚҰ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың алты айында жалпы сомасы 3 920,7 млн. теңгені құрайтын 1068 жобаны қаржыландырды. Жүзеге асырылған жобалар аясында 1 119 жаңа жұмыс орны ашылған. Қаржыландырылған жобалардың 31 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бұл бағытта 1,2 млрд. теңгені құрайтын 220 жоба қолдау тапты. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін шаруашылығы бойынша 2,2 млрд. теңгеге 794 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 99 млн. теңгеге 12 жоба қаржыландырылып, жалпы сомасы 224,5 млн. теңгені құрайтын ауылшаруашылық техникалары лизингке берілген. Ашылған сәтінен бастап компанияның портфелінде жалпы сомасы 22,2 млрд. теңгені құрайтын 5 486 жоба бар. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 56,2 млрд. теңгеге 18 мыңға жуық кәсіпкерді қаржылай қолдай отырып, компания 42 600 жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті. Сонымен қатар, биыл кәсіпкерлерге ғана емес, облыстың барлық тұрғындарына қолайлы шарттармен жаңа қаржыландыру бағдарламалары іске қосылды. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ОҢТҮСТІК» АИО тұрғын үйлерді күтіп-баптауға арналған жасыл қағидаттарды енгізу арқылы смарт үйлерді салуға қатысу үшін қаржыландыру механизмін әзірледі. Айта кету керек, бұл кәсіпкерлерді қаржыландырудан басқа, экономиканың басқа салаларын да қаржыландырудағы компанияның алғашқы қадамы. Сонымен қатар шаруалар да ізгі хабардан тыс қалмады. Еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы енді фермерлерге аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бағдарламаның атауы — «Ырыс-өркендеу». Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылық мақсаттағы және ауылшаруашылық техникаларына қажетті жабдықтарды сатып ала алады, мұнда алдын-ала төлем ретінде инвестициялық субсидия төленеді. Айта кетейік, «Ырыс» микроқаржы ұйымы проблемалық несиелердің ең аз көлемімен несие портфелінің сапасы және қаржылқ көрсеткіштері үшін «Успех гарантирован» республикалық конкурсының шағын және орта бизнесті қолдау бойынша «Лучший среди своих» номинациясының жеңімпазы атанды. Байқау 2014 жылдан бастап «Даму» қоры тарапынан жыл сайын өткізіледі. Қаржыландырудан басқа, аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту үшін АИО экспорттық әлеуетті дамытуға және Түркістан аймағына инвесторларды тартуға белсене қатысуда. Осы мақсатта www.kazinvestor.com веб-сайты іске қосылды, бұл — әрбір инвестор үшін нұсқаулық бола алады. Өткен жылы әзірленген RIC ON EXPORT бағдарламасы аясында облыстың кәсіпкерлерінен жиналған 230 тонна ет экспортталды. Бағдарлама кәсіпкер мен тасымалдаушы арасындағы «алтын көпір» қызметін атқарады. Осылайша ет өндірушілер үшін тауарының өтуіне кепілдік, ал ауыл шаруашылығы тауарын өтдірушілерге өнім көлемін ұлғайтуға жақсы мүмкіндік оянуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *