«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА, БІРГЕ!»

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА, БІРГЕ!»

80 просмотров

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА, БІРГЕ!»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Рухани-қазына» кіші жобасының «Ұлттық спорт» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Адал жол» жобасы бойынша ересектер арасында «Парасыз болашаққа, Бірге!» ұранымен 2018 жылдың 12 қыркүйек күні Жастар ресурстық оралығында Кентау қаласының ашық біріншілігі өткізілді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да арнайы назар аударды. Жемқорлық – ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұған тиімді түрде қарсы тұруға болады. Қазіргі таңда облыс деңгейінде және аудандар мен қалаларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар құрылып, көшпелі қабылдаулар ретінде жұмыстарын жүргізуде.Жарысқа қаламыздың ардагерлерімен жастары қатысты. Нәтижесінде: I орын – Қыдырбаев С II орын – Мухамедов Е III орын – Шарабитдинв Г иеленіп тиісті дәрежедегі димломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *