САСТӨБЕ ПОСЕЛКЕСІНДЕ КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

САСТӨБЕ ПОСЕЛКЕСІНДЕ КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

124 просмотров

САСТӨБЕ ПОСЕЛКЕСІНДЕ КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысыныңТүлкібас ауданына қарасты Састөбе поселкесінде кіші футбол алаңы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Футбол алаңы осы Састөбе поселкесінің тумасы Абитов Мұхтар Бектасұлының демеушлігімен соғылған. Салтанатты жиын барысында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков поселке тұрғындарын жаңа алаңдарымен құттықтап, осы алаңның соғылуына демеушілік жасаған Мұхтар Бектасұлына поселке тұрғындары мен өзінің атыннан алғысын білдірді. Шараға арнай қонақ ретінде шақырылған әйгілі спортшы, олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен атақты әнші Саят Медеуов те өз ыстық лебіздерін білдіріп, іс-шараның шоқтығын жоғарлата түсті. Шара кіші футболадан ересектер арасындағы турнирмен жалғасын тапты. Шраға қатысқан көрермен қауым тарапынан ыстық ықыластарын жауғызған ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп , ұйымдастырушы алқа өкідеріне алғыстарын жаудырды. Сондай-ақ поселкеде биылғы жылы 32 пәтерлі 2 тұрғын үйлер, балалар алаңшасы, поселке атауы жазылған стелла бой көтеруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *