СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ – ЖАЙЛЫЛЫҒЫҢЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ – ЖАЙЛЫЛЫҒЫҢЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

105 просмотров

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ – ЖАЙЛЫЛЫҒЫҢЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

Тақырыбымызға арқау болған сервистік қызмет көпқабатты үй тұрғындары үшін өте қолайлы. Бүгінгі таңда Түркістан қаласы аумағында осы саланы өркендету үшін халыққа үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесі де жоқ емес. Кейбір көпқабатты үй тұрғындары сервистік қызметті пайдалануда. Алдымен бөлім тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсек. Аталмыш саладағы жұмыстарымызды мақала соңында ретіне қарай баяндап өтеміз. ҚР 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес Түркістан қаласы бойынша кондоминиум объектісі ретінде 105 көпқабатты тұрғын үйлер тіркелген. Оның 56-сы 2 қабатты, 25-і 4 қабатты, 24-і 5 қабатты тұрғын үйлер. Атап айтқанда, 105 көпқабатты үйлердің 3522 пәтер жалпы олардың тұрғындарының саны 13203 азаматтар. Сонымен қатар коммуналдық меншікте 14 көпқабатты тұрғын үйлер бар, оның он екісі бес қабатты, біреуі екі қабатты, тағы біреуі төрт қабатты. Жалпы пәтер саны — 772. 2-ипотекалық көпқабатты тұрғын үй бар, жалпы пәтер саны -144. Қазақстан Республикасы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2012-2017 жылдары аралығында Түркістан қаласы бойынша 43 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жөндеу жұмыстарының құны 391 302,7 мың теңге. Қаржыларды қайтару мерзімі 12-20 жыл. Жалпы — 1217 пәтер иелерінен қайтарым қаржы жиналады. Қазіргі таңға жиналуы қажет деп табылатын қаржы 52 193,5 мың теңге болса, бүгінде 38 044,9 мың теңге қаржы жиналып, жоспар 73 пайызға орындалған. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында Түркістан қаласы бойынша 2018 жылға 12 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің шатыры толығымен ауыстырылып, кіре берістің (подъезд) ішкі қабырғаларының сылақтары толық қырылып, қайта сыланады және үйдің қасбетіне (фасад) әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жөндеу жұмыстарының жалпы құны 157784,2 мың теңге. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы 729 пәтер иелерінің тұруына қолайлы жағдай қамтамасыз етіліп, коммуналдық инфрақұрылымның жағдайы жақсартылады. № Нысан аты қабаты Пәтер саны Мердігер Бөлінген қаржы 1 1 м/а №1 үй 5 118 Текс монтаж ЖШС 18 255,0 2 1 м/а № 3үй 5 119 БақЖайҚұрылыс ЖШС 18 013,0 3 1 м/а №5 үй 5 60 БақЖайҚұрылыс ЖШС 13 352,1 4 1 м/а №14б үй 5 94 Текс монтаж ЖШС 12 577,3 5 1 м/а №15 үй 5 90 Текс монтаж ЖШС 18 575,6 6 1 м/а №23 үй 4 48 Текс монтаж ЖШС 13 842,7 7 1 м/а №24 үй 4 48 Текс монтаж ЖШС 13 842,7 8 1 м/а №25 үй 4 48 Жана Атамекен ЖШС 13 743,1 9 1 м/а №29 үй 4 48 Жана Атамекен ЖШС 13 743,1 10 1 м/а №49 үй 4 24 Текс монтаж ЖШС 9 842,2 11 С.Ерубаев №203 2 16 Bulding Group Astana ЖШС 7 097,8 12 С.Ерубаев №207 2 16 Bulding Group Astana ЖШС 7 097,8 Жинағы 159 982 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 2019 жылға 46-көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін көпқабатты тұрғын үйлерге жобалау сметалық құжаттары дайындалып мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобалау-сметалық құжаттама соммасы 21600 мың теңге. ҚР 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 7-тарауы, 42-51 баптарына сәйкес қала аумағындағы кондоминиум нысаны ретінде тіркелген 105 көпқабатты тұрғын үйлердің 56 тұрғын үйлер меншік иелерінің саны жиырма адамнан аспауына байланысты тікелей бірлесіп басқарылуда, ал 49 тұрғын үйлердің пәтер иелеріне ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап кондоминиум объектісінің басқару органдарын құру іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде І мөлтек ауданы №30, №33, №46 көпқабатты тұрғын үйлерге «Яссы-Техниникалық Сервис» ЖШС-і сервистік қызмет көрсетуде. Сонымен қатар қазіргі таңда І мөлтек ауданы №10а, №12а, №14а, №35, №31, №32 үйлерге сервистік қызмет көрсету мақсатында пәтер иелерімен келісім шартқа тұруда. Қ.ҮРКІНБАЕВ, Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *