СОЗАҚТА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

СОЗАҚТА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

99 просмотров

СОЗАҚТА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Созақ ауданында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жөніндегі идеологиялық актив өтті. Мәжілісте баяндама жасаған Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанын жеткізді. Жиналыста сөз алып, өз ойларын ортаға салған аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Болат Искаков елді Елбасы белгілеген межеге жету жолында ынтымақ пен бірлікке шақырса, ұстаздар атынан сөз алған Қ.Рүстемов атындағы орта мектеп директоры Сержан Бегманұлы Жолдау мұғалімдер қауымына зор игіліктермен қатар үлкен жауапкершіліктер де жүктейтінін атап өтті. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі, аудандық еріктілер клубының белді мүшесі Нұрсұлу Ерұланқызы Әбдәшім Мемлекет Басшысының жастарға ұдайы жасап келе жатқан қамқорлығына ризашылығын білдіріп, ел жастарының Қазақстанның жарқын болашағына бар ерік-күштерін жұмсай отырып еңбек ете беретініне сенетінін айтты. Аудан әкімі С.Полатов: Жолдаудың жүзеге асырылуының рухани өзегі қызметін атқаратын бір мәнді жайт — ол әр қазақстандықтың реформалар үдерісімен үндестігі. Қазақта: «Тіршілік тұтқасы – тұрмыс» деген даналық сөз бар. Ендеше бар күш-жігерімізді, білім-білігіміз бен тәжірибемізді баршаның әл-ауқатын арттыру жолына жұмсайық, — деп мәжілісті қорытындылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *