ТАРТЫСТЫ САЙЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

ТАРТЫСТЫ САЙЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

97 просмотров

ТАРТЫСТЫ САЙЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

«Төлеби ауданы ойындары – 2018» атты жастар арасында спорттың 8 түрінен өткен жарыс өз мәресіне жетті. Жарыс үстел теннисі, кіші футбол, шахмат, волейбол, бокс, қазақша және еркін күрес, дзюдо спорт түрлерінен өтті. 3 айға созылған сайысқа 128 команда қатысып, әр спорт түрінен 4 кезеңнен тұрған жалпы 33 іс-шара ұйымдастырылып, 3000-нан аса жас қамтылды. Төлеби ауданы ойындары атты спорттық жарыс биыл алғаш рет қолға алынып, ақтық сын Леңгер қаласы Жастық стадионында барлық 8 спорт түрінен бір мезетте ұйымдастырылып өткізілді. Бұл сайыста 8 спорттың түрлерінен жеңіпаз болған командалар 1-орын 200 000 тг, 2-орын 150 000 тг, 3-орын 100 000 тг ақшалай сертификат, сондай-ақ, кубоктармен, медальмен және алғыс хаттармен марапатталды. Жарыстың жабылу салтанатына аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Береке Дүйсебеков арнайы қатысып, жарыс қорытындысы бойынша командаларды марапаттап, кубок пен қаржылай сыйлықтарды табыстады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *