ТУҒАН ЖЕР – ТҰНҒАН ТАРИХ

ТУҒАН ЖЕР – ТҰНҒАН ТАРИХ

41 просмотров

ТУҒАН ЖЕР – ТҰНҒАН ТАРИХ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасы аясында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Туған жер – тұнған тарих» атты тақырыпта Қ.И. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен бірге ауданымыздағы тарихи орындардың бірі «Отырар төбеге» саяхат жасалды. Біздің тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуі тиіс десек, тамырын тереңге тартып, тәуелсіздікпен бірге мәуесін жайған тарихымызды ұрпақ санасына сіңіру біздің міндетіміз. Отырар оазисінің қай бөлігін алсақ та, мәдени ескерткіштер мен жәдігерлерге, халқымыздың іргелі елге айналуын армандаған тарихи тұлғалардың есімдеріне, олардан қалған мұраларға толы. Әрине тарихымыз бен мұраларымызды жас жеткіншектердің санасына сіңірудің бірден — бір жолы қолмен ұстап, көзбен көруі. Осы арқылы біз олардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен Отанға деген патриоттық сезімін оята аламыз. Саяхат барысында оқушылар өлкеміздің тыныс – тіршілігімен тереңірек танысып, ерекше әсер алып қайтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *