ТІЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

ТІЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

119 просмотров

ТІЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні «Отырар» облыстық ғылыми – әмбебеп кітапханасының және Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Созақ ауданының құрылғанына 90 жыл, Созақ ауданының орталық кітапханасының 75 жылдығына орай «Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты» атты облыстық кітапханашылар байқауы өткізілді. Байқауға Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Асықата аймақтық балалар кітапханасы филиалының кітапханашысы Қантаева Гүлмира Өсербайқызы қатысты. Үш бөлімнен тұратын байқауда әріптесіміз Г. Қантаева өзін таныстырып, кітапхана мерейтойына құттықтау жолдады. Жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Баланың көңілі далада» атты әңгімесінен сахналық көріністі тамаша орындап шықты. «Өнерлі болу міндетім…өнер сәті» шартында өзі жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетті. Байқау нәтижесінде жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Баланың көңілі далада» атты әңгімесін өте сәтті орындап шыққаны үшін Арнайы жүлдесін жеңіп алды. Байқауға қатысқаны үшін Алғыс хат, ынталандыру сыйлығын иеленді. Марапат құтты болсын, кәсіби биіктерден көріне бер, кәсіби шеберлігің арта берсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *