ТҮРКИЯДА ТОП ЖАРУ ҮШІН ТАУ БАУРАЙЫНДА ЖАТТЫҒУДА

ТҮРКИЯДА ТОП ЖАРУ ҮШІН ТАУ БАУРАЙЫНДА ЖАТТЫҒУДА

126 просмотров

ТҮРКИЯДА ТОП ЖАРУ ҮШІН ТАУ БАУРАЙЫНДА ЖАТТЫҒУДА

Армрестлинг спортынан әлем чемпионаты алдағы қазан айында Түркия елінің Анталия қаласында өтеді. Білегінен күш саулаған балуандардың осынау әлем біріншілігіне Шардара ауданынан 30 спортшы қатысып, ел намысын қорғамақшы. Еліміздің құрама сапын толықтай құрап отырған шардаралық спортшылар бұған дейін де әлемдік додада талай мәрте жеңіс тұғырына көтерілгенін жұртшылық жақсы біледі. Түркия елінде өтетін әлем чемпионатында да қол күресшілеріміз алдыңғы орынннан көрінетіндігіне сеніміміз кәміл. Дәл бүгінгі таңда шардаралық 30 спортшы өздерінің бапкерлерімен бірге Төлеби ауданында жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тау баурайындағы «Бәйшешек» сауықтыру кешенінде жатпай-тұрмай жаттығумен айналысып, шелектеп тер төгіп жатқан жерлестеріміз қазірге нағыз бабында. Армрестлинг спорты бойынша облыстың аға жаттықтырушысы Сейфулла Нұрхалықов бастаған белгілі бапкерлер спортшыларымыздың үздік нәтижеге қол жеткізулері үшін барлық жағдайды жасап отыр. Шағалалы өңірдің қол күрес шеберлері кіл мықтылар күш сынастыратын биылғы әлем біріншілігіне көтеріңкі көңіл, тың жігермен жол тартпақ. Түркияға тас-түйін дайындықпен аттану үшін тау баурайында тынымсыз тер төгіп жатқан жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз. Шардаралық спортшыларға жанкүйер болып отырайық, ағайын! «Облыстық №4 ОРКМБЖСМ» — ақпарат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *