ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

108 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Алаш қайраткері, ақын, ағартушы-педагог Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданына қарасты Сарытомар ауылында өткен Мағжан оқулары байқауында Түркістан облысы, Созақ ауданы Ш. Уалиханов мектебінің 9-сынып оқушысы Ақмарал Тілеубек 1-орын иеленіп, жеңімпаз болып оралды деп жазады Zamana.kz. Алаш қайраткері, ақын, ағартушы-педагог Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы республикамызда және Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы көлемінде аталып өтіп жатқаны белгілі. Осы мерейлі жылдың құрметіне Солтүстік Қазақстан облысының М.Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылының маңында үлкен мерейтойдың ашылуы болды. Оған бүкіл түркітілдес мемлекеттердің қоғам қайрат¬керлері, ақын-жазушылар қатысты. Ақынға арналған еңселі ескерткіш ашылды. Осы іс-шараның аясында мектеп оқушылары арасында республикалық Мағжан оқуларының ақтық кезеңі өткізілді. Мағжан еліне Түркістан облысының намысын қорғап барғ¬ан Ақмарал ерекше көзге түсіп, әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды. Ақмаралға ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің атынан 1-дәрежелі диплом және жүлдеге бағалы сыйлық (ноутбук), кітаптар тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *