ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАЛУАНДАР ГРУЗИЯДА ЖҮЛДЕ САЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАЛУАНДАР ГРУЗИЯДА ЖҮЛДЕ САЛДЫ

114 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАЛУАНДАР ГРУЗИЯДА ЖҮЛДЕ САЛДЫ

Грузияның Тбилиси қаласында самбодан 1998-1999 жылы туылған жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында түркістандық үш спортшы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәлім алатын жас палуандар арасында жарыс жолын алғаш бастаған Айдарбек Тоқтарбек 82 келі салмақта алғашқы үштікті түйіндеді. Келесі күні 100 келіден жоғары салмақта Әбдіғани Бибарыс және 65 келі салмақта жасөспірімдер арасында сынға түскен Кемелбек Молдаш күмістен алқа тағынып ел мерейін үстем етті. Аталған спорт мектебінің директоры Дәурен Рахымұлы жас спортшылардың болашағынан мол үміт күтіп отырғанын айтады. Өзге мемлекеттердің намысын қорғаған шетелдік спортшылар арасында шоқтығы биік түркістандық палуандар намысты қолдан бермейтінін жеткізген мектеп басшысы алдағы уақытта бәсі биік додаларда жүлде қорын арттыра түсетінін атап өтті. Жас палуандарды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, алдағы жарыс жолдарында толағай табыстарға жете берсін деген тілек білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *