ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОС МУЗЕЙ АЛМАТЫДА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДА

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОС МУЗЕЙ АЛМАТЫДА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДА

35 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОС МУЗЕЙ АЛМАТЫДА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДА

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай 2018 жылғы 8 қараша күні, сағат 10:00-де Алматы музейінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Оңтүстік Қазақстандағы ақша айналымы» тақырыбында көрменің ашылуы өтеді. Көрменің экспозициясы 3 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімін музейлер қорындағы нумизматикалық материалдардың ең көне үлгілері — біздің дәуірдің ІІІ ғ.-нан бастау алып, VII-VIII ғғ. өлкенің түркі тайпаларының ықпалына өткен кезеңдеріндегі жәдігерлер мен деректік материалдар қамтыса. Екінші бөлімде араб халифаты билігі қарсаңындағы нумизматика және араб нумизматикасының ықпалына өткен кезеңдердегі Саман, Қарахан әулеті билеушілері тұсында соғылған тиындар мен оларға қатысты ғылыми еңбектер қорытындылары және сол кезеңдерден жеткен жазба ескерткіштерден алынған материалдар орналастырылады. Ал үшінші бөлімде өлкеде билігі үстемдік еткен Хорезмшах Мұхаммед бин Текеш атынан соғылған тиындар, ХІІІ-ші ғасырда өлкедегі билікті қолға алған моңғол билеушілерінің ақша түрлері мен музейлер қорларында кездеспейтін тиындардың суреттері мен сол кезең нумизматикасына қатысты материалдар ұсынылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *