ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШЕТЕЛДЕГІ 18 КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШЕТЕЛДЕГІ 18 КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСТЫ

46 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШЕТЕЛДЕГІ 18 КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСТЫ

Өткен жылы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен «Түркістан сарайы» концерттік ұйымында 373 концерт және мәдени іс-шаралар өткізіліп, 158 319 көрермен қамтылып,18 гастрольдік іссапар ұйымдастырылды. «Жаһандық заманауи Қазақстандық мәдениет» бағыты бойынша облысымыздың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру мақсатында облыс өнерпаздары «Кастамону – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Түркия Республикасының Кастамону, Анкара, Ыстамбұл қалаларында, Жапонияда 18 концертке қатысты. Сонымен қатар, есепті мерзімде облыс өнерпаздары Финляндия, Швеция, Эстония, Ресей, Италия, Грузия, Түркия, Молдова, Қырғызстанда өткен түрлі жанрдағы халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрінді. «Түркістан» сарайының «Фараб» би ансамблі Түркия мемлекетінің Иниголь қаласында өткен халықаралық «Мәдениет және өнер ұжымдары» конкурсында І орынды иеленді. Бурса қаласында өткен 32-ші халықаралық «Алтын Қаракөз» конкурсында арнайы жүлдемен марапатталды»,-деп мәлімдеді Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *