ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛЕШЕК КЕЛБЕТІ БҮГІННЕН БАСТАЛУДА

ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛЕШЕК КЕЛБЕТІ БҮГІННЕН БАСТАЛУДА

105 просмотров

ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛЕШЕК КЕЛБЕТІ БҮГІННЕН БАСТАЛУДА

Облыстың орталығы болған Түркістан қаласының алдағы уақытта бас жоспары бекітілген соң құрылыс жұмыстарының қарқын алатындығы ақиқат. Дәл қазіргі уақыт жергілікті әкімдік тарапынан келешекте түсетін құрылыс нысандарына жер дайындау мақсатында бағалау жұмыстары мен сәулет жоспарлау жұмыстары қызу әрі қарқынды жүруде. Тарихи шаһарды Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның рухани орталығы бағытында жандандыру көзделіп отыр. «Мұнда бой көтеретін ғимараттардың барлығы Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынуы тиіс. Сонда еліміздегі, кем дегенде, бір қала осындай ескі келбетпен бой көтеретін болса ол Түркістан болмақ»-деп Елбасымыздың өзі нақтылаған болатын. Жалпы Түркістан қаласының келешектегі бас жоспарын жобалау бойынша қала құрылысы мен сәулеті үш бағытта жүргізіледі деп жобалап отырмыз. Бірінші бағыт «Тарихи аймақ» Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан тарихи аймақтағы 88,7 гектар жерге орналасқан 18 нысанды реставрациялау (жаңғырту) және «екінші бағыт рухани-мәдени орталық» аймағы 98 гектар жерге жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ол жерлерге түсетін 12 құрылыс нысанының орны анықталды. Ол аймақта «Қазақстан-Назарбаев» және «Түркі әлемі» орталығы, «Қазақстан хандары мен билерінің орталығы» және Қожа ахмет Яссауи музейі, Амфитеатр, Шығыс базары, Шығыс моншасы секілді 12 нысанның құрылысы түседі деп жоспарлануда. Ал үшіншісі әкімшілік-іскерлік орталығының аймағы жалпы 700 гектарды құраса, бүгінде оның 270 гектарына түсетін құрылыс нысандары белгіленді. Онда облыстық әкімдік ғимаратынан бастап, басқармалар мен департаменттер ғимараты, Астана алаңы, Конгресс Холл, Медиа орталық, Сауда орталықтары мен тұрғын үй кешендері, жастар мен оқушылар сарайы, спорт, мәдени кешендердің құрылысы сынды басты-басты 18 нысан мен тұрғын үйлердің құрылысы түседі деп күтілуде. Осы аталған жоспарларға сәйкес қазан-қараша айларында Халықаралық архитекторлар конкурсы жарияланған болатын. Оған 32 елден 353 ұсыныс түсіп, оның 245 қабылданса, одан 42 концепция іріктелді. Әрине бұл аталған жоспарлар болашақ Түркістанды рунахи-мәдени тұрғыдан және облыс орталығы ретінде дамуы үшін жасалып жатқан дүниелер. Әрине алдағы уақытта түбегейлі бектілген соң, жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *