ТҮРКІСТАНҒА ӘЙГІЛІ ТЕМУРИДТЕР МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАУҒА КЕЛІҢІЗ!

ТҮРКІСТАНҒА ӘЙГІЛІ ТЕМУРИДТЕР МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАУҒА КЕЛІҢІЗ!

101 просмотров

ТҮРКІСТАНҒА ӘЙГІЛІ ТЕМУРИДТЕР МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАУҒА КЕЛІҢІЗ!

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Темуридтер тарихы мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен «Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары» тақырыбындағы фото-кітап көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтті. Аталған көрме — Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда. «Темуридтер тарихы» Мемлекеттік музейі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың бастамасымен 1996 жылы Әмір Темірдің 660 жылдығына орай құрылған. 1000-ға жуық жәдігерлері бар. «Темуридтер тарихы» музейі қорында Өзбекстан тарихын көрсететін бірегей бұйымдар жинақталған. Олардың қатарында түрлі қолжазбалар мен хаттар, алтын, күміс және мыс монеталар, керамикалық, қола және мыс бұйымдары, Әмір Темір және Темуридтер дәуірінен сыр шертетін жәдігерлер сақтаулы. Көрменің мақсаты — өңірлер арасындағы мəдени байланыстарды нығайту жəне музей ісін дəріптеу болып табылады. Тарихи танымдық көрме көпшілік назарына бір ай көлемінде жұмыс жасайтын болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *