ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ӨСЕРБАЕВ

ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ӨСЕРБАЕВ

114 просмотров

ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ӨСЕРБАЕВ

Соңғы жылдары яғни, 2012 жылдан бастап бұл атаулардың арасы тіпті жақын болып кетті. Басқалар не ойлайтынын білмеймін, бірақ Түркістан қаласы тұрғындарының әлеуметтік желідегі дүбірі әлі басыла қойған жоқ. Не дүбір десеңізші? Ол жергілікті халықтың Түркістанның жанашыр әкімі келді деген қуанышты сүйіншілері, қасиетті қаланың болашағына деген мығым сенімдері еді. Иә бұған дейін де Әліпбек Шәріпбекұлының Түркістан қаласын басқарған жылдары ақ жағалылар арасында «шырақшы», қарапайым халық арасында «жанашыр әкім» деген аттарға ие болғанын естігенбіз. Бұл теңеулердің мәнісіне үңілсеңіз елжандылықты, адамдықты, іскерлікті серік еткен жанның бейнесін еріксіз елестететініңіз айқын. Біз де бұл азаматтың тәрбиесін көрдік. Әлі де Әлағаң бастаған көшті қостап келе жатқан жайымыз бар. Әріптестермен бас қосқан жерде «Маған жақыны туған-туыс емес, ел үшін аянбай қызмет еткен жан туысқан» дейтін Әліпбек Шәріпбекұлы міне тағы да Түркістанның тізгінін қолына алды. Бұл жолғы міндеті бұрынғыдан өзгерек. Міндет емес, Әлағаң енді дүйім елдің, тіпті түбі бір түркі жұртының аманатын мойнына артып отыр. Енді біздің қасиетті шаһарымыз облысымыздағы аудан-қалалардың бірі ғана емес, Түркістан облысының орталығы сондай-ақ, Елбасымыз айтқандай Ұлы дала халқының рухани азық алар қастерлі мекеніне айналмақ. Осы жолда Түркістан мен Өсербаевтың арасын ажырамас ұғым деп ұқтым өзім. Ел басшылығы, облыс әкімі осы ұстанымды бұзбады. Дұрыс шешім. Өйткені Әліпбек Өсербаев Түркістандағы бұған дейінгі қызметтерінде әлгі болашаққа деген асыл арманның іргесін қалады. Сол іргетас ұстаның өз қолымен бой көтеруі керек еді. Солай болды. Енді Жаратқан тіл көзден сақтасын. Түркістандықтар өз перзентіне тіреу болса, көшті бастауға Әліпбектей азаматы әзір деуге толық негіз бар. Ендеше, іске сәт Түркістанның тұйғыны. М.Әлмахан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *