ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ИНДОНЕЗИЯДАН ЗИЯРАТШЫЛАР АҒЫМЫ КӨБЕЙЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ИНДОНЕЗИЯДАН ЗИЯРАТШЫЛАР АҒЫМЫ КӨБЕЙЕДІ

91 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ИНДОНЕЗИЯДАН ЗИЯРАТШЫЛАР АҒЫМЫ КӨБЕЙЕДІ

Түркістан облысының киелі жерлеріне зиярат жасағысы келетін индонезиялық мұсылмандар саны артуда. Бұл туралы ақпарат Джакарта қаласында Түркістан облысы делегаттары мен Индонезия елінің туроператорлары арасында өткізілген кездесу барысында анықталды. Индонезиялық зияратшылар арасында аса үлкен қызығушылықты Түркістан өңірінде орналасқан Арыстан Баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, аңыз бойынша Мұхаммед Пайғамбардың сахабасы болған Үкәш атаның құдығы, құпиясы мен сыры мол алып «Ақ мешіт» үңгірі тудыруда. Жыл сайын Сауд Арабиясына Умра және Қажылық жасауға Индонезиядан миллиондаған мұсылмандар ағылып келеді. Көбіне, Умра ғибадатын орындағаннан кейін зияратшылардың басым бөлігі Орталық Азияның киелі жерлеріне сапар шегеді. Баян Каюпова – «Turkistan Invest» сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушы директоры: «Орталық Азия елдеріне жасалатын турмаршруттарға Өзбекстандағы ежелгі Бұқара, Самарқанд қалалары, Иорданиядағы жартаста соғылған Петра қаласы, және т.б. елдер кіреді. Ендігі кезекте баратын жердің географиясы кеңейеді. Оған Түркістан облысының киелі нысандары енеді деп жоспарлануда». Келіссөздер барысында индонезиялық билік басындағылар Алматы мен Джакарта қалалары арасында тікелей әуе байланысын жасауды ұсынды. Бүгінгі таңда Алматыдан Джакартаға Малайзия астанасы Куала-Лумпур арқылы ғана ұшып баруға болады. Адатия Пердана – Индонезия президентінің арнайы өкілі: «Джакарта-Алматы тікелей әуе рейсін ашу сіздердің өңірлеріңізге баратын туристердің, оның ішінде зияратшылардың санын арттыруға үлкен серпіліс береді. Бүгінде Индонезияда 270 млн. жуық тұрғын өмір сүреді, оның 90 пайызын мұсылмандар құрайды. Менің ойымша, біздің зияратшылардың көбісі Түркістанға бару мүмкіндігін жіберіп алмайды». Айта кетерлік жай, бұл кездесу Түркістан облысы делегациясының Малайзия және Индонезия мемлекеттеріне жасаған роуд-шоуы аясында өтті. Делегаттар қатарында: Түркістан облысының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы – «Turkistan Invest» компаниясы, Түркістан облысының туризм индустриясын дамыту ассоциациясы, «Turkistan Tourism Center» ақпараттық орталығы, «Aray Deluxe Thermal Resort» шипажайы және де «Sky Way», «Туркестан Элит тур», «Экспедиция Юг» туристік операторлары болды. Іс-сапар Түркістан облысының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *