ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП Ж.ТҮЙМЕБАЕВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП Ж.ТҮЙМЕБАЕВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

114 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП Ж.ТҮЙМЕБАЕВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Түркістан облысының активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Бақытжан Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан облысы әкімі қызметіне Жансейіт Түймебаевтың кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді. Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. «Елбасымыз күні кеше ғана Шымкент қаласын республикалық маңызы бар қала статусын беру туралы, Түркістан облысын құру туралы және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғанын білесіздер. Енді сол жаңадан құрылған өңірге Елбасының ұсынысымен өздеріңізге жақсы таныс Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мырза тағайындалып отыр», – деген Бақытжан Сағынтаев облыс активівне Жансейіт Түймебаевты таныстырып, жауапты жұмысына сәттілік тіледі. Жиында сөз алған белгілі жазушы Мархабат Байғұт Елбасы Н.Назарбаевтың өңірге қатысты көреген шешіміне орай халықтың алғысын жеткізді. «Байтағымызда болып жатқан ұлы тарихи оқиғалар Түркістан мен Шымкентке байланысты үлкен оқиғаларға Мақтаарал мен Жетісай, Келес пен Сарығаш сияқты еншісін алып жатқан аудандарға, әсіресе мына Түркістан мен Шымкентімізге қуана білейік. Қалам ұстаған қауымның атынан, ардагердің атынан қуанып құттықтаймын. Елбасымыз Түркістанның болашағын, Шымкенттің пен Түркістанның келешегін кемегерлікпен болжай білді. Сол үшін де Президентімізге елдің атынан ерекше ризалығымызды білдіргіміз келеді», – деді. Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданында 1958 жылы 8 шілдеде дүниеге келген – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1980-1993); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997); Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбул қ-сы) (1999); Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004); Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007); Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010-2016); 2016 жылдың қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *