ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

94 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы Мұрат Имандосов Төлеби ауданына арнайы іс сапармен келді. Бірінші кезекте облыс басшысы Бірінші Мамыр елді мекеніндегі ауылдық емхананың ашылу салтанатына қатысты. «АША-А» ЖШС-ң бастамасымен соғылған емхана Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Бірінші Мамыр, Тағайна, Ынтымақ, Алғабас, Жаңажол, Бейнеткеш, Зағамбар, Қожабек елді мекендерінде тұратын 18 242 адамға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Емхананың қызмет көрсету радиусы-11 км. Жоспарлы қуаты 100 адам аусымда келіп/кету, жоспарлы қуаты — 15 тәулігіне/шақыру. 1 топ дәрігерлік жедел медициналық жәрдем көрсету бөлімі орналасқан ғимараттың құны 275,4 млн тенге. Содан соң, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі «Балмұздақ» ЖШС-нің шокаладты глазурь және шоколад өңдейтін цехін салтанатты түрде іске қосты. «Балмұздақ» ЖШС — і шоколад өңдейтін цехі, отандық өнім «Perfetto» сауда белгісімен шоколад өндіретін болады. ЖШС-нің шоколадты глазурь және шоколад өңдейтін цехының құрылысы 800,0 млн тг құрады. 60 адамнан құралған жұмысшы тобы бар цехта жылына 1100 тонна шоколадты глазурь, шоколад өнімдерін өндіреді деп күтілуде. Сонымен қатар Жансейіт Қансейітұлы Киелітас ауылдық округіне қарасты Ақайдар-1 елді мекенінде тұратын 557 адамға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық тіректің жұмысымен танысты. Қызмет көрсету радиусы 1 км, жалпы алаңы 125 шаршы метр болатын, медициналық құралдармен жабдықталған модулдік конструкцияның құны 30 млн.теңгені құрайды. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу мақсатында медициналық құрал жабдықтармен, жаңа ғимаратпен қамтамасыз етілген медициналық қызметкерлер халыққа сапалы қызмет көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *