ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ АСТАНА ТӨРІН САЗДЫ ӘУЕНГЕ БӨЛЕУДЕ.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ АСТАНА ТӨРІН САЗДЫ ӘУЕНГЕ БӨЛЕУДЕ.

91 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ АСТАНА ТӨРІН САЗДЫ ӘУЕНГЕ БӨЛЕУДЕ.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты гала-концерт Түркістан облысының Астанадағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылып отыр. Тұран елі өнерпаздарының өнерін тамашалауға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары мен зиялы қауым өкілдері мен республикалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысуда. Концерт «Шарықтай бер, Астана» театрландырылған-хореографиялық композициясынан бастау алып, дәстүрлі әндер шеруі, қазақ және классикалық, Ш.Қалдаяқов әндерінен попурри, «Дала рухы» композициясымен жалғасын табуда Концертке Түркістан облысынан шыққан эстрада жұлдызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева және ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Мәдениет қайраткерлері Үрәлхан Сейілбекова, Марат Оразметов пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Сәбираш Әбдірайымова және Халықаралық байқаулардың лауреаттары Карина Нажмеддинова, Мөлдір Исаева, Жадыра Абдуллаева, Нұрқанат Тапиев, Аян Төлеген, Нематилло Зкруллаев, Бекзат Тұрғынбек, Ақмарал Биназарова сынды сахна саңлақтарымен қатар «Тұмар» фольклорлық ансамблі және «Қазына», «Шамсинур», «Фараб» би топтары қатысуда. Фото Мадина Сабыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *