ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

104 просмотров

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында жастар жылына орай, алғаш рет көпфункционалды заманауи, жаңа үлгідегі «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты ашылды. Көп функционалды жаңа үлгідегі Жастар орталығы – бір мезетте 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Өңір басшысы Ж.Түймебаев Жастар жылының басталуымен және Түркістан облысы жастарының жаңа ғимаратының ашылуымен құттықтады. «Биыл жастарымыз үшін ерекше жыл болғалы тұр. Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен елімізде жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар күшейтіледі. Облысымызда да жоспарлар жасалып, нақты жұмыстар басталып кетті. Осы кездесудің алдында мен жаңадан ашылған ғимаратты аралап, танысып шықтым. Мұнда жастардың жан-жақты дамуына, бойындағы өнері мен қабілеттерін арттыруына толық жағдай жасалған. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге Коворкинг орталығы, ІТ-park, заңгерлік кеңестер қарастырылған. Сонымен бірге еріктілер клубы, «Жас сарбаз», электронды кітапхана, тілдер мектебі, интернет желісі, мәжіліс залы, спорт алаңшалары және тағы басқа игіліктер бар. Бұл – Сіздер үшін жасалған үлкен қолдау. Енді осы жастар орталығында өрендеріміз өз-өздерін дамытып, білімдерін шыңдаулары қажет», – деді Ж.Қансейітұлы. Орталықта «Жастарға қызмет көрсету» орталығы, «Мобильді топ», Turkistan HUB coworking zone, IT PARK, Робототехника мектептері, Коворкинг алаңы, электронды кітапхана, «Жас сарбаз», «Еріктілер мектебі», «Құрылыс жасақтары», «Тілдер мектебі», түрлі жастар ұйымдары, медиа студия және психологиялық терапия т.б көптеген жастар клубтары, мектептер мен үйірмелер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ғимарат ішінде «relax zone» демалыс аймағы, ғимараттың сыртқы бөлігінде футбол, валейбол, баскетбол, теннис ойнауға арналған спорттық алаңшалар орналасқан. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында жалпы халықтың 25,2 пайызын құрайтын, 501 369 жас бар. Оның ішінде 86 416 жас қалалық жерден болса, 414 953 жас ауылдық жерден. Сонымен қатар, аймақтың барлық ауыл, қалаларында жастарға қызмет көрсететін әкімдікке қарасты «Жастар ресурстық орталықтары» мен 4 республикалық жастар ұйымдарының филиалы және этномәдени орталықтарының жанында жастар қанаттары жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *