ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА КӨШЕТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА КӨШЕТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

98 просмотров

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА КӨШЕТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардың қызметкерлерімен кездесті. Жиында әкім Түркістан қаласының даму жоспарымен бөлісіп, көшіп баратын қызметкерлерге заң талаптары шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың түрлеріне түсіндірме беріп өтті. Әкімнің айтуынша, Түркістан қаласына көшіп баратын мемлекеттік қызметкердің еңбек ақысына 20 пайыз қосылып, жұмыс кезеңі үшін төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы күнтізбелік 30 күнге қосымша экологиялық күнтізбелік 7 күн мерзімінде сауықтыру демалысы берілетін болады. Сонымен қатар, еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арналған төлемдердің үстіне бір айлық көрсеткіш көлемінде материалдық көмек беріледі. Осылайша мемқызметкер еңбек демалысы кезінде жалпы 3 материалдық айлық ақы алатын болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *