ТҮРКІСТАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

123 просмотров

ТҮРКІСТАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Қала әкімі Т.Мұсаев шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Ақпан айында пайдалануға берілетін С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің қосалқы нысаны ретінде салынған акт залы мен асханасының ғимаратын көріп, құрылыстың барысын пысықтады. «Өткен 2017 жылдың қыркүйек айында басталған жалпы құны 58 млн 128 мың теңгені құрайтын бұл нысан мерзімінен бұрын қолданысқа беріледі — дейді мердігер «НЫШ-ЕР» ЖШС-нің директоры Е.Нышанбаев. Аталмыш мектеп ұжымы мен оқушыларының қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған акт залы мен асханасы құрылысының ішкі әрлеу жұмыстары бүгінде қарқынды жүруде. Сондай-ақ, Тәжібек Қалманұлы Оранғай ауылдық округінің Қосқорған елді мекенінде салынып жатқан жаңа мектеп ғимаратының құрылысымен танысты. 2017 жылы басталған 200 орындық мектептің құрылысы үстіміздегі жылдың тамыз айында толығымен бітіп, қолданысқа берілетін болады. Құрылыстың жобасында акт зал, асхана, спорт зал тағы басқа қажеттіліктер толығымен қамтылған. Қазіргі таңда жылу, электр, канализация жүйелері жүргізіліп біткен. Қысқасы, ескі мектепте білім алып жатқан елді мекенің 400-ден астам мектеп жасындағы балалары алдағы 2018-2019 жаңа оқу жылын заманауи үлгідегі, ыңғайлы жаңа ғимаратта бастайтын болады. Бұл қуанышты күнді ауыл тұрғындары да асыға күтуде. Қала әкімі Т. Мұсаев құрылыс нысандарының ел игілігіне межеленген уақыттан кешікпей және құрылыс сапасына айрықша мән беруді ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *