
Осыдан 2 жыл бұрын Түркістанның кіре берісінен «Отырар» мөлтек ауданы 4 гектар жерден бой көтерген болатын. Шағын ауданның құрылысы соңғы 5 айдың ішінде тағыда 10 гектарға ұлғайып, таяуда құрылысы басталған 26 үйді келер жылы наурыз айында ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлердің аула ішілік инфрақұрылымында, абаттандыру жұмыстарында межеленген мерзімде аяқтау үшін жұмыстар жасалуда. Осы аймақтағы тұрғындардың мектеп, бала бақша мәселелерін шешу үшін 900 орындық мектеп құрылысы бой көтерсе, 200 орындық бала бақша жеке және мемлекеттік әріптестік бойынша салынып, жуырда пайдалануға берілген болатын. Сондай-ақ, Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы 7-20-25 бағдарламасы аясында да тұрғын үйлер салу қолға алынуда. Ал, алдағы жылы аталған шағын ауданның көлемін тағы да 42 көп қабатты тұрғын үймен ұлғайтуға жоспар түзілді. Яғни облыстың орталығы Түркістандағы тұрғын үй кезегінде тұрған 8 мыңнан астам тұрғынның мұқтаждығын шешу мүмкіндігі түбегейлі қолға алынуда.