ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ДӘСТҮРЛІ «АҚБОТА – 2018» ӘН-БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ДӘСТҮРЛІ «АҚБОТА – 2018» ӘН-БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

90 просмотров

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ДӘСТҮРЛІ «АҚБОТА – 2018» ӘН-БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға және Астананың 20 жылдығына орай Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақбота — 2018» ән — би байқауы өтті. Дәстүрлі «Ақбота» өнер додасының мақсаты — балалардың шығармашылығын дамыту, халқымыздың асыл мұраларын насихаттау, білімді де өнерлі, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ тәрбиелеу, қазақтың халық әндері мен ұлттық билерін дәріптей отырып, жастар бойына сіңіру болып табылады. Осындай мақсатта ұйымдастырылған байқауға арнайы кәсіби мамандардың іріктеуінен өткен 19 үміткер қатысып, ақтық сында өнер көрсетіп, жеңімпаздар аудан әкімінің арнайы алғыс хаты және сыйлығына ие болды. Айта кетерлігі, шараны ұйымдастырушылар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға және Астананың 20 жылдығын басшылыққа алып, балалардың өнерімен шығармашылық қабілетін шыңдау жолында еліміз үшін басты оқиға болып табылатын атаулы мерекелер мен басталарды байқауға арқау етіп отырғандықтарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *