ТӨЛЕБИ: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ НАҚТЫ КӨЛЕМ ИНДЕКСІ 103 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛҒАН

ТӨЛЕБИ: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ НАҚТЫ КӨЛЕМ ИНДЕКСІ 103 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛҒАН

98 просмотров

ТӨЛЕБИ: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ НАҚТЫ КӨЛЕМ ИНДЕКСІ 103 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛҒАН

2018 жылы Төлеби ауданында ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі 34 млрд. 145 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 103 пайызға орындалған. Оның ішінде мал шаруашылығы 22 млрд 648 млн теңге, егін шаруашылығы 11 млрд 497 млн теңгеге жетіп, 65 004 га жер игерілген. Сондай-ақ, ауданда 2018 жылы 6 ауыл шаруашылық кооперативі құрылып, жоспар 150 пайызға орындалса, суармалы жердің көлемін ұлғайту 650 га-ға межеленіп, толық жүзеге асқан. Жалпы ауданда 78 га жерге қарқынды бау, 5,1 га жүзім, 68,2 га жаңғақ және 51 га таңқурай егілген. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 328 бас ірі қара мал алынса, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын ұсақ мал 840 басқа жеткен. «Құлан» бағдарламасы арқылы 155 бас алынып, 10-15 басқа арналған шағын мал бордақылау бағытында 270 бірлік алаңдары ашылған. Сонымен қатар, 2018 жылы 84 бірлік жанұялық сүт өндіру фермасы, 7 құс фермасы салынған. Одан бөлек, ірі қара мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,3% (58 845 бас), жылқы 108,9% (29 481 бас), құстар 109,8% (180 167бас) пайызды құрады. Ал, қой мен ешкі саны 166 468 басқа жетті. Ет өндіру — 17 423 тоннаны, сүт өндіру — 67 405 тоннаны, жұмыртқа өндіру — 17,4 млн. дананы құраған. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында бюджеттен мал шаруашылығына 208 млн.теңге субсидия үлестіріліп, суармалы жерлердің мәселесін шешу мақсатында 4 су тоғаны және 39 каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген. Ал, биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнім көлемін 38 млрд 662 млн теңгеге, оның ішінде мал шаруашылығы өнім көлемін 26 млрд 323 млн теңгеге жеткізу көзделіп отыр. 2019 жылға жопарланған жұмыстардың ішінде Кемеқалған ауылдық округіндегі “Қазығұрт бақтары” АШӨК-і 120 га жерге қарқынды алма, 80 га шие бағын отырғызу үшін жерді өңдеу және тіреуіш бағаналарын орнату үшін 1 млрд 200 млн. теңге инвестиция тартылмақ. Сондай-ақ, Кемеқалған ауылдық округі «Бөржар» учаскесіне 2018 жылы салынған 2 гектарға қосымша 1,2 гектар жылыжай салу жоспарланып отыр. Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекеніндегі «Атамекен Корпорациясы» құны 200 млн теңге болатын, күніне 10 тонна құрамажем, гидропоникалық мал азығын дайындау цехын және 200 бас асыл тұқымды ірі қара мал алып, тауарлы сүт фермасын ашу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығына 2 млрд теңге инвестиция тартылып, 95 адамды жұмыспен қамтылмақ. Ауданда суармалы жердің көлемін ұлғайту, айналымнан шыққан жерлерді қайта айналымға қосу бойынша Кемеқалған ауылдық округінде сыйымдылығы 600 мың/м3 «Ақбастау» және 450 мың/м3 «Қарақуыс» су қоймаларының жоба-сметалық құжаттамаларына аудандық бюджеттен 2,9 млн теңге қаржы қарастырылды. Тоғандар іске қосылған жағдайда суармалы жердің көлемі 350 га артып, Абай елді мекенінің үй іргелік жерлері ағын сумен қамтамасыз етілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *