УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ӘЛЕМНІҢ 30 ТІЛІНЕ АУДАРЫЛҒАН ҰЛЫ ТУЫНДЫНЫ 31-ШІ БОЛЫП ҚАЗАҚШАЛАДЫ

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ӘЛЕМНІҢ 30 ТІЛІНЕ АУДАРЫЛҒАН ҰЛЫ ТУЫНДЫНЫ 31-ШІ БОЛЫП ҚАЗАҚШАЛАДЫ

143 просмотров

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ӘЛЕМНІҢ 30 ТІЛІНЕ АУДАРЫЛҒАН ҰЛЫ ТУЫНДЫНЫ 31-ШІ БОЛЫП ҚАЗАҚШАЛАДЫ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Ұлттық аударма бюросынан» 18 оқулық аударылды. Соның бірі – әйгілі ғалым, теолог, британдық ойшыл Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітабының аударылуына оқу ордамыздың ғалымдары да атсалысты. Атап айтсақ, «Ясауи ғылыми-зерттеу орталығының» директоры, философия және теология ғ.д., профессор Досай Кенжетай, филос.ғ.к., доцент м.а. Қымбат Қаратышқанова. Ғалымдардың айтуынша, елімізде дінтану саласындағы оқулықтар тапшы екен. Сол себепті, бұл оқулықтың аударылғаны жақсы бастама деседі. Профессор Д.Кенжетай: «Әлемнің отыз тіліне аударылған ұлы туындыны 31-ші болып қазақшаладық. Бұл кітап тарихи ұстаныммен жазылған. Бүкіл адамзаттың тарихында үлкен орын алатын археологиялық жазбалар, Құдайды қай дін қалай таныды, қандай негіздерге сүйенді, осының бәрі оқулықта жан-жақты қамтылған» -деп пікір білдірген. (http://kazgazeta.kz/?p=59692 ) Жадыра Қожахмет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *