«ФАРАБ» БИ АНСАМБЛІ ҚОС ЖҮЛДЕНІ ЕНШІЛЕДІ

«ФАРАБ» БИ АНСАМБЛІ ҚОС ЖҮЛДЕНІ ЕНШІЛЕДІ

136 просмотров

«ФАРАБ» БИ АНСАМБЛІ ҚОС ЖҮЛДЕНІ ЕНШІЛЕДІ

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Фараб» би ансамблі Түркия Республикасының Инегел қаласындағы Мәдениет және өнер фестиваліне қатысуға іссапарға аттанған болатын. Нәтижесінде бауырлас мемлекетте бақ сынаған түркістандық өнерпаздардан қос бірдей сүйінші жаңалық жетті. Атап айтқанда, «Фараб» би тобы Түркияның Инегел қаласында өткен Мәдениет және өнер фестивалінде жүлделі бірінші орынды иемденді. 23 мемлекеттің арасында өткен тартысты дода «Фараб» би тобы «Фараб», «Жетіген», «Көктем», «Аққу», «Қоштасу» билерімен көпшілікті тәнті етті. Сонымен бірге, Түркия Республикасы Бурса қаласында өткен XXXII «Алтын Қаракөз» Халықаралық би фестивалінде еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының «Фараб» би ансамблі жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының арнайы жүлдесіне ие болып фестиваль лауреаты атанды. Шет мемлекеттердің өнер майталмандарының таңданысын тудырған түркістандық өнерпаздар жүлдеге оңайлықпен қол жеткізбегендігін айтады. Десе де ұлттық өнерді паш еткен би ұжымына қазылар алқасы да таңданыстарын жеткізіп, алдағы уақытта әлі де талай биіктерді бағындырарына зор сенім білдірген. «Фараб» би тобының Түркиядағы сапарына Түркістан облысының әкімдігімен қоса Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Түркістан облысының Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы қолдау көрсеткендігін айта кету қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *