ФУТБОЛ МЕКТЕБІ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТКІЗДІ

ФУТБОЛ МЕКТЕБІ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТКІЗДІ

132 просмотров

ФУТБОЛ МЕКТЕБІ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТКІЗДІ

Қаладағы Орталық стадионда «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне арналып, «Діни экстремизмге жол жоқ» атты ұранымен футболдан 15 қыркүйек күні 2003 жылы туылған жасөспірімдер, 16 қыркүйек күні 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің ашық біріншілігі өтті. Ашық біріншіліктерді БЖФМ директоры Ермек Ааманқұлов ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойын барысында командалар екі топқа бөлініп, ойын өрнегін көрсетті. 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен жарыста қос топтан озып шыққан футбол мектебінің спортшылары мен Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының жас спортшылары ақтық сында кездесіп, нәтижесінде футбол мектбебі бас бәйгені қанжығаға байлады. Екінші орынды Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы еншілесе, үшінші орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің футболшылары бағындырды. 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен ойындар да тартысты өтуімен көптің есінде қалды. Бұл жарыстың нәтижесінде І орынды БЖФМ спортшылары, ІІ орын №12 жалпы орта мектебінің спортшылары, ІІІ орынды С. Кәттебеков атындағы жалаы орта мектебінің жасөспірім футболшылары иеленді. Ашық біріншілік барысында А. Досан (Т. Айбергенов мектеп-гимназиясы), М. Аньязов (БЖФМ), Қ. Үсенбек (С. Кәттебеков жалпы орта мектебі), А. Есенәлі (БЖФМ) есімді футболшылар «Үздік ойыншылар» атанды. «Шардараспорт-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *