ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ

89 просмотров

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ

Келес ауданының Абай ауылында орналасқан №110 жалпы орта мектебінде аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық конференция болып өтті. Конфенцияға Келес ауданының әкімі А.Есбаев, Білім және ғылым министрлігінің өкілі, республикалық «Отбасы тәртибиесі» институтының тренері А.Матаева, Түркістан облысының білім басқармасының бас маманы К.Оспанова және ата-аналар қатысты. Жиналыс барысында ата-аналарға маңызы бар бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп, ақпараттар берілді. Мақсаты, ата-аналарға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету, балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыру, интернет тəуелдігінің алдын алу, сонымен қатар бала тəрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығын түсіндіру болды. Мектеп психологтары ата-аналардан сауалнамалар алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді Конференция барысында жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамыз ету, интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу, жасөспірімдердің суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту, жасөспірімдер ортасында деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары туралы сөз болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *