ЧЕМПИОНДАР МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ БИБАРЫС ТАҒЫ ДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ЧЕМПИОНДАР МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ БИБАРЫС ТАҒЫ ДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

98 просмотров

ЧЕМПИОНДАР МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ БИБАРЫС ТАҒЫ ДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Түркістан облысының орталығындағы Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің соңғы жылдардағы жетістіктері өңір тұрғындарына ерекше қуаныш сыйлап жүр. Соның жалғасы өткен аптаның соңында ғана Атырауда өткен дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында Бибарыс Әбдіғанидың жеңімпаз атанғанын қуана хабарлаған болатынбыз. Арада екі күн өткен соң тағы да қуанышты жаңалықтың куәсі болдық. Атап айтсақ, Бибарыс Әбдіғани Алматы қаласында өткен самбо күресінен 1999-2000 ж.т жастар арасында ҚР чемпионатында абсолюттік салмақта және өз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанып, арнайы тігілген су жаңа «Ниссан» автокөлігінің иесі атанды. Дәурен Тәңірбергенов басқаратын осы спорт мектебін «чемпиондар мектебі» деп атадым. Себебі, бүгінде бір мектептен ұлттық құрамада үш бірдей спортшы ел намысын қорғап жүр. Дидар Хамза (дзюдо), Бек Нұрмағанбет (бокс), Нұрлан Мырзабаевтар (таэквондо) әлемдік додаларда атой салып жүр. Сонымен бірге, бұл мектепте бұрымды қыздарымыз да аз емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *