ШАПСА ҚЫЛЫШ, АТСА ОҚ ӨТПЕГЕН - ҮКАША АТА.

ШАПСА ҚЫЛЫШ, АТСА ОҚ ӨТПЕГЕН — ҮКАША АТА.

149 просмотров

ШАПСА ҚЫЛЫШ, АТСА ОҚ ӨТПЕГЕН - ҮКАША АТА.

Үкаш ата мазары мен құдығы (ІХ-Хғғ.)-Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым, Бабайқорған ауылдық округінің солтүстігінде, Қаратаудың етегінде орналасқан. Координаттары: 43˚36.917΄, 068˚15.712΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 451м. Үкаша атаның алғашқыда тек қабір орны ғана болса, 1989-1990 жылдары қазіргі мазарды жергілікті халық тұрғызған. Мазар 2 бөлмеден тұрады, кіре берісі кішігірім, екінші бөлмесі ұзынша келген. Ішкі жағының ұзындығы 22,2 метр, биіктігі 4 метр, ені 4,6 метр. Жеті кішігірім ойық терезелері бар. «Үкаш-ата» жайлы халық арасында тараған аңыз-əфсаналарда хз.Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың сахабасы, мұcылмандардың əскери қолбасшысы ретінде кеңінен белгілі. Аңыз бойынша Үкаша ата шапса қылыш өтпейтін, атса оқ өтпейтін қасиет дарыған алып денелі, батыр болған. Заманындағы дін жаулары Үкаша атаны өлтірмeкке бекінгенімен, осал тұсын таппай дал болады. Соңында жұбайын алдап-арбап, Үкашаның қылыш шаппас денесі намаз үстінде ғана қорғасындай еріп, босайтынын біледі. Дін жаулары Үкашаның басын намаз оқып тұрған жерінде шауып түсіреді. Бас сүйегін қорламақ болғанда, жерге түскен бас домалай кетіп екі қырдан асып барып жер астына түсіп кетеді. Халық арасында құдық суы жер асты арқылы Меккедегі Зəм-зəм бұлағымен байланысады деген түсінік бар. Үкаша ата құдығының басында киіз үй тəріздес кішігірім құрылыс тұрғызылған, оның диаметрі 4,5 метр, биіктігі 3,5 метр. Ал құдықтың тереңдігі 22-25м құрайды. Осы құдықтың басында барша мұсылман жамағаты Алладан тілек тілеп, зияратқа ағылып келіп жатады. Қазіргі кезде Үкаша ата мазарына көптеген зияратшылар келеді. Бізге келіп жеткен аңыз құдықпен байланысты. Құдықтан су біреуге шығады, біреуге шықпайды. Халық шелек салғанда су шығатын болса, ол адамның зияраты, тілегі қабыл болды деп түсінеді. Пайғамбар сахабасы Али р.ғ. Мұхаммед ғ.с-нің алдында жүретін қорғаушысы болса Үкаша ата оның арқа тұсында жүретін оққағары болған. Мұхаммед ғ.с. өмірден өтер сəтінде: «Кімде-кім Үкашаның жүзіне қараса, сол адамға тозақ оты харам болды» дегенді айтады. Үкашаның басын қылыш кескен кезде 23 метрдей жерге қаны шашырайды. Мүбарак əулиенің қасиетті қаны аяқ асты болмасын деген оймен денесімен қоса қаны шашыраған жері көміліп қабірге айналдырылған. Қазіргі таңда бүкіл түркі жұрты мінəжат қылып, тəуəп жасайтын зиярат орнына айналған. «Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайының құрамына діни-рухани ескерткіш ретінде тізімге алынған. Жалпы жер көлемі — 90 га.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *