ШАРДАРАЛЫҚ ПАЛУАНДАР БІРІНШІ ОРЫНДА!

ШАРДАРАЛЫҚ ПАЛУАНДАР БІРІНШІ ОРЫНДА!

126 просмотров

ШАРДАРАЛЫҚ ПАЛУАНДАР БІРІНШІ ОРЫНДА!

Жуырда Спорт кешенінде «Спорт – есірткі және есірткі бизнесіне қарсы» ұранымен қазақ күресінен 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі болып өтті. Ашық біріншілікті ауан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев ашып беріп, командаларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ашылу салтанатында ашық біріншіліктің құрметті қонақтары, облыстық Ұлттық спорт мектебінің қазақ күресінің аға жаттықтырушысы Олжас Кенеханов, Ерсұлтандай даңқты палуанды тәрбиелеп шығарған білікті бапкер, Шардара күресінің атасы Мұсырманқұл Дәуренов сынды азаматтар да сөз алып, жас палуандарға ақ тілектерін арнады. Кешке дейін созылған белдесуде бабы келісіп, бағы жанған спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді. Облыстағы барлық қалалар мен аудандардан қатысқан спортшылар арасында жалпыкомандалық есеп бойынша Шардара ауданының палуандары ашық біріншіліктің жеңімпазы атанды. Мұнан кейінгі екінші орынды Шымкент қаласындағы Ұлттық спорт мектебінің спортшылары еншілесе, Отырар ауданының палуандары жүлделі үшінші орынға табан тіреді. Енді ашық біріншілікте қоржынға жүлде салған шардаралық палуандарды таныстырып өтсек. 38 келі салмақта боз кілемге шыққан Сахибаев Азамат ІІ орынды иеленсе, 42 келі салмақта белдесуге шыққан Төлеген Иманғали ІІІ орынды бағындырды. Осы салмақта шардаралық Шапай Саят І орынды айқын басымдықпен иеленіп, жеңімпаз атанды. Сол сияқты, 46 келі салмақта Қыдырбай Аян ІІ орынды, 51 келі салмақта Дүйсекей Бексұлтан ІІІ орынды, 57 келі салмақта Мысқалбай Нұрсұлтан ІІІ орынды, 64 келі салмақта Сламбек Дінмұхамед І орынды, 72 келі салмақта Әкімбай Жеңісбек пен Бердібек Мадияр ІІІ орынды, Орынбек Ерболат І орынды, 81 келі салмақта Сайлаубек Рамазан ІІІ орынды, Алпамыс Сапархан І орынды, 81 келіден жоғары салмақта Әнуаров Әлимардан ІІІ орынды, Ордабек Әлімжан І орынды иеленді. Шардаралық жас палуандарымыздың тамаша жеңісіне құтты болсын айтамыз! «Облыстық №4 ОРМБЖСМ» — ақпарат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *