ШАРДАРАЛЫҚ ТАЕКВОН-ДОШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

ШАРДАРАЛЫҚ ТАЕКВОН-ДОШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

118 просмотров

ШАРДАРАЛЫҚ ТАЕКВОН-ДОШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Кешегі апта соңында қаладағы Спорт кешенінде Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің TAEKWON-DO ITF спорт түрі бойынша ұлдар және қыздар арасында ашық біріншілігі болып өтті. Ашық біріншілікке Шымкент қаласы, Төле би, Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарынан 10-ға жуық командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Өте тартысты өткен ашық біріншілікте ширақ қимылымен, шебер әдісімен, әдемі өнерімен көзге түскен Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ (Шардара қаласы) командасы І орынды айқын басымдықпен жеңіп алды. Жерлестеріміздің қоржынына 16 алтын, 8 күміс, 12 қола түсіп, көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. мұнан кейінгі ІІ орынды Шымкент қаласының спортшылары еншілесе, жүлделі ІІІ орын Сарыағаш ауданының таеквон-дошыларына бұйырды. Енді ашық біріншілікте үздік өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілген Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ спортшыларын таныстырып өтсек. Барлық қарсыластарынан басым түсіп, І орынды жеңіп алғандардың қатарында ұлдар арасында 24 келі салмақта Г.Худайбердиев, 32 келі салмақта А.Глянько, 36 келі салмақта Е.Сәрсенбаев, 40 келі салмақта Н.Абдуллаев, 44 келі салмақта Н.Митрофанов, 45 келі салмақта Н.Шалунов, және осы салмақта бір спортшымыз М.Керімбай, 51 келі салмақта М.Әбдіқадыр, 57 келі салмақта К.Гюлумян, 62 келі салмақта Д.Күзеев, 63 келі салмақта О.Шағырбай, қыздар арасында 30 келі салмақта С.Даниленко, 44 келі салмақта С.Жұмабай, 52 келі салмақта А.Лозовая, 58 келі салмақта С.Қанжігітова, 64 келіден жоғары салмақта Ш.Бекасыл есімді шардаралық спортшылар бас бәйгені қанжығаға байлады. Ал, 21 келідегі М.Шалунов, 28 келідегі Е.Лесбай, 36 келідегі В.Никоноров, 45 кеКешегі апта соңында қаладағы Спорт кешенінде Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің TAEKWON-DO ITF спорт түрі бойынша ұлдар және қыздар арасында ашық біріншілігі болып өтті. Ашық біріншілікке Шымкент қаласы, Төле би, Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарынан 10-ға жуық командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Өте тартысты өткен ашық біріншілікте ширақ қимылымен, шебер әдісімен, әдемі өнерімен көзге түскен Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ (Шардара қаласы) командасы І орынды айқын басымдықпен жеңіп алды. Жерлестеріміздің қоржынына 16 алтын, 8 күміс, 12 қола түсіп, көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. мұнан кейінгі ІІ орынды Шымкент қаласының спортшылары еншілесе, жүлделі ІІІ орын Сарыағаш ауданының таеквон-дошыларына бұйырды. Енді ашық біріншілікте үздік өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілген Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ спортшыларын таныстырып өтсек. Барлық қарсыластарынан басым түсіп, І орынды жеңіп алғандардың қатарында ұлдар арасында 24 келі салмақта Г.Худайбердиев, 32 келі салмақта А.Глянько, 36 келі салмақта Е.Сәрсенбаев, 40 келі салмақта Н.Абдуллаев, 44 келі салмақта Н.Митрофанов, 45 келі салмақта Н.Шалунов, және осы салмақта бір спортшымыз М.Керімбай, 51 келі салмақта М.Әбдіқадыр, 57 келі салмақта К.Гюлумян, 62 келі салмақта Д.Күзеев, 63 келі салмақта О.Шағырбай, қыздар арасында 30 келі салмақта С.Даниленко, 44 келі салмақта С.Жұмабай, 52 келі салмақта А.Лозовая, 58 келі салмақта С.Қанжігітова, 64 келіден жоғары салмақта Ш.Бекасыл есімді шардаралық спортшылар бас бәйгені қанжығаға байлады. Ал, 21 келідегі М.Шалунов, 28 келідегі Е.Лесбай, 36 келідегі В.Никоноров, 45 келідегі Д.Олейник, 69 келіден жоғары салмақтағы О.Дәрменов есімді ұлдарымыз бен 48 келідегі А.Бақытжанқызы, осы салмақтағы Ш.Абдулла, 52 келідегі Л.Исламбек сынды спортшыларымыз ІІ орынды еншілеп, қоржынға күміс медаль салды. Ұлдар арасында 21 келідегі С.Иманқұлов, осы салмақтағы Е.Советбай, 28 келідегі Р.Ким, 36 келідегі Р.Әбдіқадыр, 40 келідегі Е.Жолбарысхан, 51 келідегі Э.Мамасадықов, 63 келідегі Н.Қуандық, қыздар арасында 28 келідегі Д.Оралбай, 34 келідегі А.Төлеген, 40 келідегі А.Жұмахамбет, 44 келідегі А.Жұбай, 46 келідегі А.Дәрменова есімді таеквон-дошыларымыз жүлделі үшінші орынды бағындырды. Осынау спортшыларымыз алдағы 1-5 қазан күндері аралығында TAEKWON-DO WT спорт түрінен Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатында бақ сынайтын болады. Ел біріншілігінде облыс намысын қорғайтын жерлестерімізден жоғары нәтиже күтеміз. «Облыстық №4 ОРМБЖСМ»-ақпарат. лідегі Д.Олейник, 69 келіден жоғары салмақтағы О.Дәрменов есімді ұлдарымыз бен 48 келідегі А.Бақытжанқызы, осы салмақтағы Ш.Абдулла, 52 келідегі Л.Исламбек сынды спортшыларымыз ІІ орынды еншілеп, қоржынға күміс медаль салды. Ұлдар арасында 21 келідегі С.Иманқұлов, осы салмақтағы Е.Советбай, 28 келідегі Р.Ким, 36 келідегі Р.Әбдіқадыр, 40 келідегі Е.Жолбарысхан, 51 келідегі Э.Мамасадықов, 63 келідегі Н.Қуандық, қыздар арасында 28 келідегі Д.Оралбай, 34 келідегі А.Төлеген, 40 келідегі А.Жұмахамбет, 44 келідегі А.Жұбай, 46 келідегі А.Дәрменова есімді таеквон-дошыларымыз жүлделі үшінші орынды бағындырды. Осынау спортшыларымыз алдағы 1-5 қазан күндері аралығында TAEKWON-DO WT спорт түрінен Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатында бақ сынайтын болады. Ел біріншілігінде облыс намысын қорғайтын жерлестерімізден жоғары нәтиже күтеміз. «Облыстық №4 ОРМБЖСМ»-ақпарат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *