ШАРДАРА: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БОЛАШАҚ СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШАРДАРА: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БОЛАШАҚ СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

114 просмотров

ШАРДАРА: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БОЛАШАҚ СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қырқбаев Полат Наурызбайұлы Шардараға іс-сапармен келіп, спорт мектептерін тамашалап, жаттықтырушылардың еңбегіне оң бағасын беріп кетті. Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне алғашқы болып табан тіреген Полат Наурызбайұлы , жаттығу залдарын аралап, оң бағасын берді. Жаттығу залдарын тамашалап болып, жаттықтырушылармен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында жаңа ашылған спорт мектебі болғанына қарамастан , үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерген спорт мектебіне алғысын білдіріп, алдағы уақытта жемісті де жеңісті күндер көп болсын деп тіледі. Жиналыс соңында Полат Наурызбйұлы және Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ-де жаттығатын , Қаңтар айынан бері екі айдың ішінде Қазақстан Республикасы Чемпионатында жеңіске жеткен 10 үздік спортшыны бағалы сыйлықтармен және мақтау грамоталарымен марапаттап, Олимпиада шыңын бағындыра берулерін тіледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *