ШАЯНДА ӨТКЕН ГАЛА-КОНЦЕРТТЕ БӘЙДІБЕК ЖАЙЛЫ ҚОС ӘННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ШАЯНДА ӨТКЕН ГАЛА-КОНЦЕРТТЕ БӘЙДІБЕК ЖАЙЛЫ ҚОС ӘННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

93 просмотров

ШАЯНДА ӨТКЕН ГАЛА-КОНЦЕРТТЕ БӘЙДІБЕК ЖАЙЛЫ ҚОС ӘННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында ауданның 90 жылдығына орай гала-концерт өтті. 5000-ға жуық көрермен қатысқан айтулы шараға Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әнші Роза Рымбаева, Досымжан Таңатаров, Таңат Мамырханұлы, Нұрлан мен Мұрат, «Диета kz» тобы, Бауыржан Исаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Ғазизхан Шекербеков сынды көптеген өнер жұлдыздары қатысып, ән шырқаса, республикаға танымал айтыскер ақын Біржан Байтуов ауданға арнауын жеткізді. Мерекелік бағдарлама аясында аудан басшысы Бақытбек Танагөзов аудан тұрғындарын 90 жылдық мерейтоймен құттықтап, Бәйдібектен шыққан өнер майталмандары Сұлтан Сраилов, Заттыбек Көпбосынұлы, Таңат Мамырхан және Батырхан Рыспанбетовке Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы атағын табыстады. Сондай-ақ, ауданнан қанат қаққан белгілі сазгер Жарылқасын Дәулетовтің «Шаянды аңсау», ақын Ақмарал Леубаеваның сөзіне жазылған Заттыбек Көпбосынұлының «Бәйдібегім» әндері алғаш рет орындалып, тұсауы кесілді. Гала-концертті Бәйдібектен шыққан белгілі жүргізуші Жандос Асанұлы, Мұхтар Өскенұлы, Теміржан Сабыржанұлы жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *