ШЫМҚОРҒАННЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

ШЫМҚОРҒАННЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

101 просмотров

ШЫМҚОРҒАННЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Бүгін Жетісай аудандық мәдениет үйінде аудандық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының төрайымы, еңбек ардагері, ақын-сазгер Айжамал Қоңырбаеваның «Шымқорғанның қызғалдағы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, әжелер алқасының төрайымы Үрзада Айтөреева, ақын Мұхтар Құралов және бір топ зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты. Тұсаукесер рәсімінде сөз алған аудан басшысы қарымды қаламгерді арнайы құттықтап, қазақы камзол кигізіп, иығына орамал жапты. «Қазақта «Жақсының аты қалады, ғалымның хаты қалады» деген керемет сөзі бар. Айжамал әпкеміздің бүгінгі кітабы келер ұрпақты тәрбиелеуге таптырмас құрал деуге болады. Себебі, бұл кітапты әпкеміздің өмірден түйгені, ғұмыр жолы, ұлағатты та, өнегелі өмірі суреттелген» деді Жамантай Қанайұлы. Айжамал Ермаханқызы отбасында ардақты ана, Мырзашөл өңіріне сыйлы қоғам қайраткері. Кітабының аты тектен текке «Шымқорғанның қызғалдағы» деп қойылып отырған жоқ. Бұл кісі Жетісай жеріне гүлдерді алғашқы әкелгендерді бірі. Гүл – сыйластық пен адамгершіліктік, нәзіктік пен сұлулықтың символы. Бұл қасиеттердің бәрі Айжамал апаның бойынан табылары даусыз. Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, әжелер алқасының төрайымы Үрзада Айтөреева замандас құрбысының қоғамдағы белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерін тілге тиек етті. Тұсаукесер рәсімі ерекше қойылыммен бастау алды. Өнерлі мектеп оқушылары Айжамал Ермаханқызы ғұмыр жолы мен өнегелі өмірін суреттейтін жырларды оқып, көрермендердің ықыласына бөленді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *