ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН, ТУҒАН ӨЛКЕМ - КЕНТАУЫМ

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН, ТУҒАН ӨЛКЕМ — КЕНТАУЫМ

128 просмотров

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН, ТУҒАН ӨЛКЕМ - КЕНТАУЫМ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақалалық бағдарламасы аясында Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен өткен байқауға 14-29 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінен 8 үміткер қатысты. Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру, Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында өткізілген сайыс 3 кезеңнен тұрды. І-кезеңде әр қатысушы өзі туралы таныстырды. ІІ-кезеңде көркем сөз оқу шеберлігі айқындалады. Байқауға қатысушылар ақын А.Құнанбаевтың шығармаларын (поэзия, қара сөздері) жатқа оқыды. ІІІ-кезеңде қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, ұлттық билер биленіп, халық әндері орындалды. Әділқазылар алқасына облысымызға танымал ақын, композитор, ұлағатты ұстаз – Ж.Бекшораева төрағалық етті. Байқаудың қорытындасында Зульфия Раимжанова – «Өнерлі жас», Жасмина Якубова — «Тіл шебері», Малика Батырбекова – «Көрермен көзайымы» номинацияларымен марапатталды. 3-орынға Анастасия Гвозденко мен Нилуфар Садирова лайық деп танылды. 2-орын Алишер Розматқа бұйырды. 1-орынды Гүлбахар Абдукадыр иемденді. Бас жүлдені Ораңғай ауылдық округіндегі «Жауқазын» бөбекжай балабақшасының қызметкері Мұратжан Атажанов жеңіп алды. Жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары С.Расұл құттықтап, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *