«ЫРЫСТАН» НЕСИЕ АЛЫП, НЕСІБЕСІН МОЛАЙТЫП ОТЫР

«ЫРЫСТАН» НЕСИЕ АЛЫП, НЕСІБЕСІН МОЛАЙТЫП ОТЫР

99 просмотров

«ЫРЫСТАН» НЕСИЕ АЛЫП, НЕСІБЕСІН МОЛАЙТЫП ОТЫР

Жетісай ауданында «Ырыс» микро кредиттік ұйымының игілігін көріп отырғандар аз емес. Солардың бірі — Ынтымақ ауыл округі Талапты ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Ербол Борашев. Ол осыдан 7 ай бұрын «Ырыс» несие ұйымынан 4 жылға 14 млн теңгелік кредит туралап, 30 бас жылқы мен 20 бас өгіз сатып алыпты. Ал қалған қаржыға қорасын қоршапты. «Бүгінде қорамызда 60-қа жуық мал ұстаймыз. Негізі мақсатымыз — өгіздерді бордақылап, жылқылардың басын көбейту. Бұқаларды 6 ай жемге қойып, Жетісай қаласындағы мал базарға саудалаймыз. Бір өгізден шамамен жем-шөпке кеткен шығындардан бөлек, 70-80 мың теңге пайда көреміз. Малға қажетті ұн, кебектерді Солтүстік Қазақстан облысынан тасымалдаймыз. Ал қалған қажетті шөптерді өзімізге тиесілі егістік жерге егіп жинап аламыз» ,- дейді жеке кәсіпкер Ербол Борашев. Биыл «Төлеш-Ләйлә» жеке шаруашылығы 10 гектар жерге жоңышқа мен 3 гектарға жүгері егіпті. Осыдан бір-екі жыл бұрын аудан орталығы — Жетісай қаласынан мал сою алаңы мен ет дүкенінің құрылысын бастапты. Бүгінде екі нысанның да құрылысы аяқталуға жақын. «Алдағы жоспарымыз – аудан орталығынан ет дүкенін іске қосу. Ол үшін мал басын 100-ден асыруымыз қажет. Қазіргі қора-жайымыздың үлкендігі 100 бас мал ұстауға қолайлы. Сондықтан алдағы жоспарымыздың жүзеге асатыны сөзсіз», — дейді Ербол Төлешұлы. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *