ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

133 просмотров

ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Егеменді елеміздің қол жеткізген стратегиялық жетістіктері мен қалыптасқан берік экономикалық негізі – Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы. Мемлекет басшысы халықтың басын біріктіріп, бір ой-мақсатқа тоғыстырды. Мемлекетімізде ел дамуы жолында тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық реформалар жүргізіліп келеді. Елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасалды. Қазақстанның болашағы қашанда халықтар арасындағы татулықпен тікелей байланысты. Мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі маңызды элемент – барлық ұлыстардың мүддесін біріктірген, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету. Осы бағыттағы саяси тұрақтылық пен татулықтың көрінісі көне шаһар, бүгінде жаңа облыстың орталығы Түркістанда қоныстанған 46 этностың өкілдері арасында нық қалыптасқан. Мұндағы этносаралық қарым-қатынас, ұлтаралық шиеленіс мәселелерін алдын алу жұмыстарын жүргізу мен бірлікті бірізділікке салуда қалалық Қоғамдық кеңес, ҚХА жанындағы қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесі және азаматтық қоғам институттары қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлескен түрде түбегейлі үйлестіріп отырады. Елімізде бүгінде мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығын дамытуға да айрықша назар аударылды. Тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту үшін жергілікті мемлекеттік мекемелер арқылы әлеуметтік тапсырыстар қалыптастырылып, жұмыстар өз нәтижесін беруде. Ұлттық тілдерді, мәдениет пен халық әдет-ғұрпын дамытуды ұлтаралық келісімді нығайтуды мүдде тұтқан қаладағы 3 этно-мәдени орталық («қалалық өзбек мәдени орталығы», «Оңтүстік Қазақстан облыстық славян мәдени орталығының филиалы», «Ахыска» Түрік мәдени орталығы») пен құрылымдық бағытына қарай 20 қоғамдық бірлестіктер тұрақты жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, отбасы институтын нығайту арқылы қоғамдық келісіммен ел бірлігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Түркістан қалалық Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» құрылып, ұрпақ тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды мәселелердің алдын алу бағытында, қоғамда қызу талқыланып жүрген қыз-келіншектердің мәселелеріне қатысты іс-шара ұйымдастыруды үздіксіз жүзеге асырады. Ішкі саясат саласының маңызды қызметіндегі мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндірудегі бағыттың бірі – идеологиялық жұмыстар. Идеологиялық жұмысты жүйелі жүргізуде – ақпараттық-насихаттық топтардың рөлі зор. Осы бағытта биылғы жылы қалада лекторлар мен ғалымдардан құрылған 17 ақпараттық-насихаттық топтың Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын және 5-ші наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін, таяуда 5-қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттауда, Елбасынның тапсырмаларын жүзеге асыруды түсіндіруге арналған шаралары өз жемісін беруде. Елбасы жолдауы мен бағдарламаларын насихаттаудың құралы ретінде 3000 ға жуық кітапшалар, қала мен елді мекендерде 60-қа жуық тақырыптық көрнекі-үгіт құралдары орналастырылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен АНТ арқылы тұрғындардың жергілікті атқарушы органның мем¬лекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға ба¬ғыт¬талған жұмыстарын, бірінші қажеттілік тауарларына бағаны ұстап тұру, коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын бақылау бойынша штабтардың қолданған шаралары туралы ақпараттандыру ай¬мақта жағымды бағдар қалыптастырды. Толық мәнінде ақпараттық саясатты жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен қалалық ішкі саясат бөлімінде тығыз байланыс орнатылған. Баспасөз қызметтерінің бұқаралық медианың өкілдерімен семинар-тренингтер өткізілсе, жергілікті 7 газет, 1-телеарнаға мерзімді мониторинг жүргізіліп отырады. Ақпараттық мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, мейлінше маңызы зор қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық оқиғаларды жария ету жергілікті және облыстық БАҚ-мен мемлекеттік тапсырыс аясында және тақырыптық медиа-жоспарлар аясында жүзеге асырылады. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға айқындалған: бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білім культі; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы атты 6 басымдықты жүзеге асыруда арнайы құрылған топ пен комиссияның жетекшілігімен әрбір бағытта іс-шалар жүзеге асырылуда. Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру структурасы бойынша «Туған жер» арнайы жобасының аясында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» атты 4 кіші бағдарламалар құрылған. Осы бағдарламалардың аясында жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Түркістан қаласында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар жолға қойылған. Мәселен, дін мәселелері жөніндегі 18 адамнан құралған ақпараттық-насихат топтары қаладағы үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға, нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихат түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда 170 кездесу ұйымдастырған. Жуырда облыстың орталығы болған тұста Түркістанда құрылған Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының тұрақты жұмыс істейтін өкілдігімен жоспарлы жұмыстар жасалып, облыстық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің теолог мамандары мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен діни тұрақтылықтың аясындағы іс шаралар жандандырылуда. Мемлекетік рәміздерді насихаттау бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің жоспарлы және мақсатты жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта қаладағы барлық мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің талапқа сай орналастырылуы қадағаланып отырады. Сонымен қатар Мемлекеттік Рәміздердің 26 жылдығы, мемлекеттік символдарды ұлықтау мақсатындағы мереке биылғы жылы ерекше форматта жаңадан бой көтерген «Рәміздер алаңында» қала тұрғындарының қатысуымен өткізілді. Жалпы қоғамдық-саяси жағдайларда тұрақтылықты нығайту және маңызды құжаттарды түсіндіру, халық пен жергілікті билік арасындағы тұрақты қатынасты қалыптастыру – қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметінің негізінде осы және өзгеде міндеттер жатыр. Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Букебаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *